ҚОҒАМ

Степногорскідегі стоматолог 345 баланы тиісті рұқсатсыз емдеген

Ақмола облысының прокуратурасы «Viamedis» ЖШС филиалында балаларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емдеу кезінде заңбұзушылық анықтады. Негізсіз төленген 2 569 792 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Степногорскідегі коммерциялық клиниканың стоматологы тиісті сертификаты болмаса да, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 345 кәмелетке толмаған балаға көмек көрсеткен. Балаларды емдеуге осы уақыт ішінде 2,5 млн теңге жұмсалған.

Облыстық прокуратура дәрігердің қажетті рұқсатсыз жұмыс істеуі балалардың денсаулығына қауіп төндіріп, сапалы медициналық көмек алу құқығын бұзғанын мәлімдеді.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықталған заңбұзушылықтарды жою шаралары қабылданып, негізсіз төленген қаражат қайтарылды. Мемлекет кірісіне 2 569 792 теңге түсті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61