ӘЛЕМ

Бішкекте жылу беру маусымы 28 қазаннан басталады

Қырғызстан астанасында жылу 28 қазаннан бастап беріледі. Елде энергетика саласындағы төтенше жағдай режимі жалғасып жатқанымен, электр өндірісі тұтыну көлемінен аз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Бішкек әкімдігі жылу алдымен ауруханаларға, балабақшаларға, мектептерге және әлеуметтік қорғау мекемелеріне берілетінін хабарлады. Кейін тұрғын үйлерге, өнеркәсіп орындары мен басқа мекемелерге қосылады.

Маусым ресми басталмай тұрып-ақ қала тұрғындары пәтерлердің суық екенін айтып шағымданған. Кейбірі мектептер мен балабақшаларда балалардың, ауруханаларда науқастардың тоңатынын жеткізген. Ал бірқатар тұрғын жылу ерте берілсе, үйдің шамадан тыс қызып кетуіне алаңдайды.

Қырғызстанда энергетика саласындағы төтенше жағдай режимі 2023 жылғы 1 тамыздан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Ол электр тапшылығы, қыс мезгілінде өндірістің азаюы және Нарын өзені алабындағы су ағынының төмендігіне байланысты қабылданған.

Энергетика министрі Алтынбек Рысбеков шілдеде режим енгізілген кезеңде саладағы мақсаттарға қол жеткізілмегенін айтқан. Оның мәліметінше, ел жылына 14,5 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіріп, шамамен 19 млрд кВт·сағ тұтынады. Алдағы жылыту маусымында тапшылық шамамен 4,1 млрд кВт·сағ болады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61