ДАМУ

Алматыда «Жас Қанат» кешенінен 105 пәтер жеңілдетілген ипотекамен беріледі

Тұрғын үй кезегінде тұрған алматылықтар өтінімді 29 қазан мен 9 қараша аралығында бере алады. Ипотека мөлшерлемесі жылдық 2 және 5 пайыз болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Пәтерлер Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешенінде үлестіріледі. 2022 жылы Алматы әкімдігі салған үш тоғыз қабатты үйден 60 бір бөлмелі, 43 екі бөлмелі және екі үш бөлмелі пәтер ұсынылады.

Тұрғын үй эконом санатына жатады, таза әрлеудегі бір шаршы метрдің құны — 272 мың теңге. Бағдарламаға қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұру және «Отбасы банк» салымшысы болу қажет. Банктегі депозитте тұрғын үй құнының 10 пайызы мөлшерінде бастапқы жарна болуы керек.

Пәтерге өтінімді Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады. Нысанның коды — 10473. Өтінімдер 29 қазаннан 9 қарашаға дейін қабылданып, қатысушыларды іріктеу 10 қарашада өтеді. Іріктеу кезекке қойылған күні бойынша жүргізіледі, кезекке қойылған күндері сәйкес келген жағдайда өтінімнің берілген күні мен уақыты ескеріледі.

Пәтерлердің жалпы санының 70 пайызы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға жеңілдіктері теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жесірлерге, көпбалалы отбасыларға және «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен не «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға бөлінеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға пәтерлердің жалпы санының 20 пайызы беріледі. Қалған 30 пайызы өзге кезектегілерге үлестіріледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61