ӘЛЕМ

Еуропадағы газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге жетті

Ормуз бұғазы арқылы газ тасымалының тоқтауы мен жылыту маусымының басталуы Еуропадағы бағаны өсірді. Аймақтағы газ қоймаларының толу деңгейі 75 пайызға да жетпей отыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Иранның кемелерге шабуыл жасауы және еуропалық қоймалардағы газ қорының аздығы нарықтағы жағдайды қиындатты. Нидерландтағы TTF биржалық келісімшарттарының бағасы мың текше метріне шамамен 1150 долларға дейін көтерілді. Ұлыбританияда газ құны 3 пайызға жуық өсті.

Сарапшылар қазіргі ахуал Еуропа экономикасына 2022 жылғы дағдарыс кезіндегідей ауыр салмақ түсірмейді деп болжайды. Бұған жаңартылатын энергия көздерінің дамуы, АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ импортының артуы және энергияны көп қажет ететін кейбір өндіріс көлемінің қысқаруы ықпал еткен.

Қоймалардағы қордың аздығы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп отыр.

Әлемдік нарықта Brent мұнайының бір баррелі 114,66 доллардан саудаланып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61