ҚОҒАМ

Алматыда 275 адам жәбірленуші деп танылған қаржы пирамидасы тергеліп жатыр

«R.O.I.» тұтыну кооперативінің атын жамылған ұйымға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жәбірленушілерге келтірілген шығын 217 млн теңге болған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «R.O.I.» қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікпен тергеу жүргізіп жатыр. Ұйым тұтыну кооперативі ретінде жұмыс істеген.

Азаматтарға жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысу ұсынылып, үлестік жарна жинау туралы шарттар жасалған. Тергеу мәліметінше, кейін қосылған қатысушылардың ақшасы нақты кәсіпкерлік қызметке жұмсалмай, кооперативке бұрын кірген мүшелер алдындағы міндеттемелерді өтеуге бағытталған.

Іс бойынша 275 адам жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын — 217 млн теңге. Тергеу кезінде кооперативтен 94 млн теңге кеңес беру қызметінің ақысы ретінде ұйымдастырушылармен байланысы бар тұлғалардың, соның ішінде «Кәусар» жеке кәсіпкерлігінің шоттарына аударылғаны анықталған.

2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда «ShynSaulet», «Berekeli Shanyrak», «Aya-Aru», «Jasmin», «USCoop» және «Baiterek» атты алты тұтыну кооперативі құрылған. Тергеу дерегінше, олар «R.O.I.» басшысының бақылауында болып, негізгі кооперативтің бұғатталған шоттарын айналып өтіп, ақшаны басқа шоттарға аудару үшін пайдаланылған.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген адам екі айға қамауға алынды. Сот санкциясымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61