САЯСАТ
АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевпен желтоқсанда өтетін G20 саммитінде екіжақты кездесу өткізетінін айтты. Бұл туралы ол Республика күніне орай жолдаған құттықтауында жазған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Трамптың сөзінше, соңғы бір жылда Қазақстан мен АҚШ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге қол жеткізген.
АҚШ президенті 1991 жылы Қазақстанды егемен мемлекет ретінде алғаш болып АҚШ танығанын еске салып, Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау ұстанымы өзгермейтінін атап өтті. Сондай-ақ америкалық компаниялардың Қазақстанның экономикалық жетістіктеріне қосқан және алдағы уақытта да қосатын үлесін сөз етті.
«Екі ел арасындағы нығайып келе жатқан достық ондаған жыл бойы нақты нәтижелер береді деп сенемін. Желтоқсандағы G20 саммитінде Сізбен кездесуді асыға күтемін», — деп жазды Дональд Трамп.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61