ҚОҒАМ

Ыстанбұлда қаза тапқан қазақстандықтың ісінде жаңа деректер шықты

Түркияда 26 жастағы Айсұлу Бекмаханованың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оқиғадан кейін ұсталған екі адамға елден шығуға тыйым салынып, сот бақылауымен босатылды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Бейнебақылау жазбаларында Айсұлудың бір ер адамның үйіне келіп, кейін көшеге шыққаны және үйіне қайта оралғаны көрінеді. Ер адам қыздың одан шамамен сағат 07:40-та кеткенін айтқан.

Оқиғадан кейін ұсталған, марқұммен бірге тұрған 22 жастағы Ресей азаматы Дарья Б. мен 35 жастағы Мазхар Т. жауап алынған соң сотқа жеткізілген. Екеуі де Түркиядан шығуға тыйым салынып, сот бақылауымен босатылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиға 25 қазан күні таңертең Ыстанбұлдың Шишли ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Бекмаханова алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өткен. Аяғының астындағы жабын опырылып, ол екі ғимараттың арасындағы кеңістікке құлаған. Дәрігерлер оның сол жерде көз жұмғанын анықтаған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі отандасының қазасын растаған. Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланысып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Тергеу министрліктің бақылауында.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61