ҚОҒАМ
27 қазан кешінде қаладағы ауа сапасы күрт нашарлағаны ескертілді. Қазір Алматы рейтингте 14-орында, ауа сапасының индексі — 125.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Almaty Air Initiative қоры тұрғындарды сыртқа шығар алдында ауа сапасын өлшейтін датчиктердің көрсеткішін тексеруге шақырды. Қор мәліметінше, рейтингте Алматының алдында Дели, Джакарта және Бішкек тұрған.
Қала тұрғындарына FFP2 немесе KN95 үлгісіндегі респиратор тағу, кешкі уақытта жүгірмеу және ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылды. Үйде терезелерді жауып, ауа тазартқышты қосуға кеңес берілді.
Қазір ауа сапасы рейтингінде Алматы 14-орынға төмендеді. Қала ауасындағы негізгі ластаушы — PM2.5 ұсақ бөлшектері. «Қазгидромет» 28 қазанда Алматы мен Қазақстанның тағы жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын ескерткен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61