САЯСАТ

Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банктің әрекетін үйлестіруді талап етті

Президент халықтың табысын арттыру мемлекеттік экономикалық саясаттың басты мақсаты болуы керегін айтты. Бұл үшін бағаның өсуіне қарсы жүйелі күрес жүргізуді тапсырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары бюджет пен салық жүйесі ауқымды түрде қайта қаралғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл өзгерістердің нәтижесін экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, азаматтардың тұрмыс жағдайына әсерімен де бағалау қажет.

Президент инфляцияның баға өскен сайын халықтың сатып алу қабілетін төмендететінін айтты. Қазақстанда баға өсімінің қарқыны бәсеңдегенімен, инфляция әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. «Инфляция – бейнелеп айтқанда, азаматтарымыздың әл-ауқатын күн сайын әлсірететін үнсіз жау», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Қазақстан Ұлттық банкінен бағаны тежеу және инфляцияны біртіндеп төмендету бағытындағы әрекеттерін үйлестіруді талап етті. Сонымен бірге ол бюджет пен салық саясатын байыппен жүргізіп, елдің өндірістік әлеуетін нығайтуды және отандық бизнестің еңбек өнімділігін арттыруына жағдай жасауды тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61