ӘЛЕМ
Толедо провинциясындағы апаттан ондаған адам жарақат алған. Renfe Мадрид, Сьюдад-Реаль және Андалусия арасындағы пойыз қатынасын уақытша тоқтатты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Испанияның Толедо провинциясында жоғары жылдамдықпен жүретін AVE пойызы мен жолда тұрған Iryo пойызы соқтығысқан. Оқиға Урда станциясы маңында болған, соның салдарынан екі вагон теміржол үйіндісінен құлаған.
Алғашқы мәліметте кемінде 39 адам қаза тапқаны айтылды. Кейінгі жаңартылған хабарда қаза болғандар саны 46-ға жеткені көрсетілді. Ондаған адам жарақат алған.
Renfe компаниясы Мадрид, Сьюдад-Реаль және Андалусия арасындағы теміржол қатынасының тоқтатылғанын хабарлады.
Испания премьер-министрі Педро Санчес апатқа байланысты қайғырып, қаза тапқандар мен олардың отбасыларына қолдау білдірді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61