ДАМУ

«Қазцинктегі» үлесті сату-сатпау туралы шешім екі айда белгілі болуы мүмкін

Glencore қазақстандық инвестормен келіссөзді жалғастырып жатыр. Компания мәміле жасау немесе одан бас тарту туралы шешімді алдағы екі айда қабылдауы мүмкін.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нэгл жабық конференцияда компания Қазақстандағы мырыш пен алтын өндіруші «Қазцинктегі» бақылау үлесін жергілікті инвесторға сату жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Сарапшылар мәміленің құнын ең көбі 5 миллиард доллар деп бағалап отыр. 2026 жылғы ақпанның соңында Glencore-дың «Қазцинктегі» 70 пайыз үлесін кәсіпкер Шахмурат Муталипке сату туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған еді. Ол кезде үлес шамамен 4-4,5 миллиард долларға бағаланған, ал Glencore сатып алуды қаржыландыруы мүмкін екені айтылған.

Муталипке тиесілі Nature energy solutions Ltd. 2026 жылғы мамырда Патох Шодиевтің 18,6 пайыз және Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі 20,7 пайыз үлесті сатып алып, ERG акцияларының 39,3 пайызына ие болды. Кәсіпкер сондай-ақ Қазақстандағы ірі алтын өндірушілердің үштігіне кіретін «Алтыналмастың» 100 пайыз акциясын сатып алуға кіріскен.

Glencore Конго Демократиялық Республикасындағы активтерінің 40 пайыздық үлесін де сатуды қарастырып жатыр. Қарызды есептегендегі олардың құны шамамен 9 миллиард доллар. Инвесторлардың бірі активтерді сату Glencore бизнесін ықшамдап, басқа тау-кен компаниясымен ірі бірігу келісімін жеңілдетуі мүмкін деп есептейді. Rio Tinto компаниясымен бірігу жөніндегі бұған дейінгі келіссөздер биылғы жылдың басында нәтижесіз аяқталған.

Glencore-дың болжамынша, 2026 жылы сауда бөлімінің пайдасы 5 миллиард доллардан асады. Бұл компания тарихындағы 2022 жылдан кейінгі екінші ең жоғары көрсеткіш болуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61