ҚОҒАМ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исматулла Мақсұм мен оның жақтастары муфтиятқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ішкі істер министрлігі жарияланымда айтылған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Бұған дейін журналист Жанар Байсемиздің «зікіршілер» қауымдастығының бұрынғы мүшелерімен сұхбаты жарияланған. Сұхбатта олар Исматулла Мақсұмға кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық жасады деген айып таққан. Сондай-ақ бұрынғы мүшелер кәмелетке толмаған қыздарды тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу туралы айтқан. Бұл мәліметтер әзірге айыптаулар ретінде ғана келтірілген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мақсұм мен оның жақтастарының ұйымға қатысы жоқ екенін айтып, зорлық-зомбылық, қорқыту және мәжбүрлеу дінде ауыр күнә саналатынын мәлімдеді. Басқарма Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын жеке мүддеге пайдаланбауға шақырып, азаматтарды соқыр бағынуды талап ететін діни топтардан сақтандырды.
ІІМ жарияланымда баяндалған мәліметтер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Министрлік тергеу деректерін Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын айтты. Тергеу қай бап бойынша жүріп жатқаны және Исматулла Мақсұмның күдікті мәртебесі бар-жоғы нақтыланбады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61