Спорт

Алғаш рет бір елдің 4 командасы Еурокубоктар финалында ойнайды

АПЛ өзінің үздік екенін тағы бір дәлелдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының ақтық бәсекесінің жұптары анықталды.

Еурокубоктардың тарихында алғаш рет, финалдық ойындарда бір елдің төрт командасы ойнайтын болады. Төртеуі де Англиядан, соның ішінде үшеуі - Лондон қаласынан.

Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" ойнайды. Бұл ойын 1 маусым күні Мадридте өтеді.  "Арсенал" мен "Челси" болса, Еуропа кубогының финалында бақ сынасады. Бұл ойын 29 мамыр күні Бакуде өтеді.

Кейбір жылдары бір маусымда еурокубок финалындарында Италия, Испания және Германияның үш командасы ойнаған болатын. Алайда, бірден төрт команданың бір елден болуы алғаш рет орын алған жағдай.