ӘЛЕМ

АҚШ-тың Иранға қарсы операция шығыны 47 млрд доллардан асты

Әскери науқанға жұмсалған қаражат шілдеде болжанған мөлшерден 25 пайыздан астамға көбейген. Зақымданған базаларды қалпына келтіру шығындары әзірге толық есепке алынбаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Reuters агенттігінің мәліметінше, шығынның ұлғаюына оқ-дәрі қорын толықтыру және жойылған әскери техниканың орнын басу қажеттілігі әсер еткен. Жойылған техника қатарында ұшақтар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.

Иранның зымырандармен және ұшқышсыз аппараттармен жасаған шабуылдарынан зақымданған АҚШ әскери базаларын қалпына келтіру шығыны жалпы есепке әлі толық қосылмаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыс қарашада өтетін Конгресс сайлауынан кейін бірден аяқталуы мүмкін екенін айтқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61