САЯСАТ
Президент Құрылтай депутаттары мен Үкіметтің жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге тез арада кіріскені жөн екенін айтты. Оның пікірінше, қолданыстағы құжат қазіргі заманның өзгерістеріне сай жаңартылуы керек.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қолданыстағы Азаматтық кодекс өткен ғасырдың 90-жылдары қабылданғанын айтты. Президент құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын қалыптастыруға және меншік құқығын қорғау қағидатын бекітуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Алайда кодекс өтпелі кезеңдегі экономикаға арналып әзірленген. Тоқаев соңғы 30 жылда қоғам мен әлем түбегейлі өзгергенін, ол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да болмағанын айтты.
Мемлекет басшысы жаңа кодекс болашақ экономикаға көшуге құқықтық негіз жасап, кәсіпкерлердің, инвесторлар мен азаматтардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай туғызатынын жеткізді. Ол Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесіп құжатты әзірлеуге тез арада кірісіп, оны келесі жылдың соңына дейін қабылдағаны жөн екенін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61