САЯСАТ

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін толық реформалауды тапсырды

Президент мемлекеттік аппаратты жаңғыртып, мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттар әзірлеу қажет екенін айтты. Кешенді реформалар жоспары 2027 жылғы 1 маусымға дейін ұсынылуы тиіс.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басқару құрылымын Үкіметтен бастап ауыл әкімдеріне дейінгі барлық деңгейде қайта қарау қажет. Мемлекеттік аппараттың және әр қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру реформаның негізгі басымдығы болмақ.

Президент мемлекеттік басқару жүйесі цифрлық дәуірдің талаптарына сай жұмыс істеп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануы керек екенін атап өтті. Бұл қайталанатын функцияларды болдырмай, басқару жүйесіндегі қайшылықтарды жоюға көмектесуі тиіс.

Тоқаев артық бюрократиядан арылып, шешім қабылдауды тежейтін рәсімдерді жою қажет деді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа этикалық қағидаттарды әзірлеп, олардың Конституция талаптарын басшылыққа алып, ел мен халыққа адал қызмет етуін қамтамасыз ету керегін айтты.

Президент Әкімшілігі мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың кешенді жоспарын 2027 жылғы 1 маусымға дейін ұсынуы тиіс. Тоқаев өзгерістер құқықтық және қаржылық шараларды қамтуы қажет екенін жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61