ДАМУ

Тоқаев ірі дәулет иелеріне жоғары салық мөлшерлемесін енгізуді талқылауды ұсынды

Президент ірі дәулет иелеріне жоғары мөлшерлеме енгізу мәселесін қарауды ұсынды. Үкімет пен Құрылтай бұл жөнінде ұсыныстар әзірлеуі керек.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қасым-Жомарт Тоқаев салық салудағы әділдік азаматтардың ел дамуына қосатын үлесімен байланысты екенін айтты. Оның сөзінше, салық жинауды арттырып, көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін ашықтық пен жаппай цифрландыру қажет.

Президент озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалануды ұсынды. Қазақстанда 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы қолданылады: жылдық табыстың 36 миллион теңгеге дейінгі бөлігіне 10 пайыз, одан асқан сомасына 15 пайыз салық салынады.

Ірі байлығы бар азаматтарға арналған жоғары мөлшерлеменің нақты шарттары әзірге айтылған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61