ДАМУ
2026 жылы Қазақстанда жоспарланған 2,66 ГВт жаңа қуаттың орнына 1,27 ГВт іске қосылады. Энергетика министрлігі мұны Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғыртуы мен Түркістандағы газ электр станциясы құрылысының кешеуілдеуімен байланыстырды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Үкімет отырысында Алматыдағы қуаты 544 МВт ЖЭО-3-ті жаңғырту жобасы кестеден қалып жатқанын айтты. Станцияны 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған еді.
Түркістандағы қуаты 926 МВт газ электр станциясы да белгіленген мерзімде толық пайдалануға берілмейді. Биыл оның 190 МВт қуатын іске қосу көзделген.
2029 жылдың соңына дейін энергетика саласында 13,3 ГВт жаңа қуат енгізу жоспарланып отыр. Жаңа электр станциялары уақытында іске қосылған жағдайда, 2027 жылы электр энергиясын өндіру 134,1 млрд кВт·сағ-қа жетеді, ал болжамды тұтыну 132,8 млрд кВт·сағ болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61