ДЕНСАУЛЫҚ

Учаскелік дәрігерлердің жалақысын 40 пайызға дейін көтеру жоспарланған

Олжас Бектенов медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге қажетті шығындарды үш жылдық бюджет жобасына енгізуді тапсырды. Жалақыны келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру жоспарланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне учаскелік дәрігерлер мен медициналық персонал жалақысын көтеруге арналған қаражатты бюджет жобасында қарастыру міндеттелді. Еңбекақыны келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 пайызға дейін арттыру жоспарланған.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер 70 медициналық нысанның құрылысын уақытында аяқтап, пайдалануға беруі керек. Оның ішінде 8 перинаталдық орталық пен 9 көпсалалы балалар ауруханасы бар. Сондай-ақ Ұлттық балаларды оңалту орталығының өңіраралық филиалдарын салу мәселесі пысықталады.

Премьер-министр алғашқы медициналық көмекті жаңғыртуға, аурулардың алдын алуға және оларды ерте анықтауға басымдық беруді тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61