СПОРТ

Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды

Токиода Юлия Путинцеваны жеңген қазақстандық теннисші маусым соңына дейін WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтап қалатынына кепілдік алды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

29 қазанда Токиодағы WTA 500 турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездесті. Рейтингте 67-орында тұрған Путинцеваны Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен екі сетте ұтты.

Бұл жеңіс Рыбакинаға 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші сатысында қалатынын қамтамасыз етті. Ол 14 қыркүйекте мансабында алғаш рет WTA рейтингінде көш бастаған еді. Биыл қазақстандық теннисші Australian Open мен US Open турнирлерінде де чемпион атанды.

Токиодағы жарыстың ширек финалында Рыбакина канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды. Фернандес бұған дейін бельгиялық Элизе Мертенсті 6:3, 6:2 есебімен жеңген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61