ӘЛЕМ

Днепрдегі вокзалға дрон соққы жасап, 13 адам қаза тапты

Украина билігінің мәліметінше, бейсенбі күні таңертең теміржол вокзалы мен электр пойызына жасалған шабуылдан тағы 13 адам жараланған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Ганжа жараланғандардың төртеуі ауыр халде екенін хабарлады. Олардың арасында 11 жастағы бала, 40 және 53 жастағы ер адамдар, сондай-ақ 26 жастағы әйел бар. Қалған зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып, барлығы ауруханаға жеткізілген.

«Укрзалізниця» компаниясының мәліметінше, реактивті ұшқышсыз аппарат №866 Днепр — Запорожье пойызы тұрған платформаға түскен. Компания өкілі Александр Шевченконың айтуынша, соққы эвакуация жарияланғаннан кейін 13 минут өткенде жасалған.

Украина ұлттық полициясы дронның көлік инфрақұрылымы нысанына шамамен сағат 11-де шабуыл жасағанын мәлімдеді. Полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына жолға шыққан.

Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, Ресейге қарсы халықаралық санкцияларды күшейтуге шақырды. Ресей билігі Днепрдегі соққыға қатысты пікір білдірмеген. Украина Қарулы күштерінің әуе күштері бейсенбіге қараған түні Ресей Украинаға 112 дрон ұшырғанын, оның 40-ы реактивті болғанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61