ҚОҒАМ

Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз комаға түсті

Қыздың жағдайы 21 қазанда стоматологиядағы ем кезінде күрт нашарлаған. Ол бір аптадан астам уақыттан бері жансақтау бөлімінде жатыр.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Павлодар облысының бас дәрігері Ермек Кучуковтің айтуынша, бұл қыздың жеке клиникаға үшінші рет баруы болған. Оның сөзінше, ем кезінде ине салынбаған және жансыздандыратын дәрі қолданылмаған.

Процедура аяқталған соң баланың есінен танып қалғаны айтылды. Жедел жәрдем көлігінде жүрегі тоқтап, ауруханаға жеткізілгеннен кейін тағы да жүрек тоқтауы болған. Қазір қыз комада, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Павлодар дәрігерлері Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы және Астанадағы Ұлттық кардиохирургия орталығымен күн сайын телемедицина арқылы консилиум өткізеді. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменті пациенттің емдеу маршрутына жоспардан тыс тексеру бастаған, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары стоматологиядағы бейнежазбаларды алған, медицина қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61