САЯСАТ

Тоқаев Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне барды

Қазақстан президенті 13-саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Анкараға келді. Жиын 29–30 қазанда өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қасым-Жомарт Тоқаевты сарай кешенінде Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды. Биылғы саммит «Түркі ғасыры: тілде, ойда және істе бірлік» ұранымен өтуде.

Мемлекет басшыларының отырысы 30 қазанда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтеді. Ал 29 қазанда ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесі жиналады. Саммиттің маңызды саяси оқиғаларының бірі — төрағалықты Әзербайжаннан Түркияға беру. Жиын қорытындысында Анкара декларациясына қол қойып, бірлескен шешімдер мен стратегиялар топтамасын бекіту жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61