ДАМУ

Қазақстанда катарлық инвесторға тиесілі ислам банкі ашылуы мүмкін

Al-Amanah Islamic Bank исламдық банк қызметіне лицензия алды. Алайда жұмысын бастау үшін оған қаржы реттеушісінің бөлек рұқсаты қажет.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Al-Amanah Islamic Bank 2026 жылғы 28 қазанда Астана халықаралық қаржы орталығының қаржы реттеушісі AFSA-дан исламдық банк қызметін көрсетуге және ақша қызметтерін ұсынуға лицензия алған. Компания 21 тамызда тіркелген, мәлімделген жарғылық капиталы — 10 миллион доллар.

Банктің жалғыз акционері — қаржы және технология салаларына инвестиция салатын Дохадағы Finagroup Holding LLC компаниясы. Al-Amanah-ты Наргиза Худабаева басқарады. Директорлар кеңесінің құрамына Максим Полетаев пен Мирлан Таймурзаев та кіреді. Дегенмен лицензияның болуы банктің жұмысын бірден бастайтынын білдірмейді: оған реттеушінің қосымша мақұлдауы керек.

Банк кәсіби клиенттер мен қаржы нарығына қатысушыларға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр, жеке тұлғаларға қызмет ұсынбайды. Бизнес-жоспарына сай, депозиттерді Qard және Wakala UPSIA қағидаларымен тартып, Murabaha және Tawarruq құралдары арқылы қаржыландыруды көздейді. Сондай-ақ трансшекаралық сауда есеп айырысуларын және спот бағамымен валюта операцияларын жүргізбек. Шариғат талаптарының сақталуын тәуелсіз кеңес қадағалайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61