ҚОҒАМ
Республикалық физика-математика мектебінің асханасы мен мектеп-интернатының жұмысы 60 күнге тоқтатылды. Тексеру кезінде төрт қызметкерден алтын түсті стафилококк анықталған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқушылар ауруханаға түскеннен кейін асханаға тексеру жүргізген. Зертханада ас блогындағы 38 қызметкердің сынамасы қаралып, төртеуінен 10³ концентрациясында Staphylococcus aureus тасымалдаушылығы табылды. Олар уақытша жұмыстан шеттетілді.
Мамандар тағамдар мен ыдыстардан ішек таяқшасы тобына жататын бактерияларды анықтаған, ал дезинфекциялық ерітінді талапқа сай болмаған. Тексеру барысында тағамдар мен тәуліктік сынамаларды сақтау тәртібі бұзылғаны, ас үй құралдары таңбаланбағаны және жабдықтар мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жетіспегені белгілі болды. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі ауруды тауық етінен жасалған рулет пен бешбармақпен байланыстырған.
Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастырған «MasterFood» ЖШС мен мектепке қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. 13 қазандағы қаулылармен асхана мен мектеп-интернаттың қызметі 60 күнге тоқтатылды. 12 қазанда ауруханаға түсе бастаған 58 баланың барлығы 16-22 қазан аралығында қанағаттанарлық жағдайда шығарылды. Жаппай ауруға шалдығу дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61