ҚОҒАМ

«Экспресс Займ» желісінің басшысы Ержан Шакиров іздеуге жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ержан Шакировты іздестіріп жатыр. Агенттік микроқаржы ұйымында 43 мың клиентке қатысты 181 мыңнан астам шарт рәсімделгенін мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында жарияланған мәліметке сәйкес, 40 жастағы Шакировты Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуге берген. Іздестіруді агенттіктің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

20 қазанда агенттік «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымында алаяқтық схеманың жолы кесілгенін хабарлаған. Агенттік дерегінше, компания 2024 жылғы тамыздан бастап қарыз алушыларға ақылы «кеңес беру» қызметін міндетті шарт ретінде ұсынған. Клиенттерге қызметтен бас тартуға болатыны айтылмаған, ал оның құны негізгі қарызға қосылған. Шартты ұзартқан сайын бұл қызмет үшін ақы қайтадан есептелген.

Агенттік мәліметінше, осы схемаға 43 мың қазақстандық тап болып, 181 мыңнан астам шарт жасалған. Микроқаржы ұйымы директорының орынбасарына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.

«Экспресс Займ» компаниясы барлық бөлімшесі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұрғанын және жұмысын тоқтату туралы шешім жоқ екенін мәлімдеді. Ұйым жарияланған ақпарат тергеудің алдын ала ұстанымына негізделгенін атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61