ӘЛЕМ

Путин Еуропамен ықтимал әскери қақтығыс туралы айтты

Ресей президенті елінің Еуропамен соғысқысы келмейтінін, алайда оған дайын екенін мәлімдеді. Ол қақтығыс тым өршіп кетсе, жеңімпаз болмайтынын ескертті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Владимир Путин бұл пікірін Ресей–Африка саммитінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында білдірді. Оның айтуынша, кейбіреулер 2030 жылға қарай соғысқа дайындалу туралы айтып жүр, ал Ресей бұған дайын болғанымен, Еуропамен соғысуды қаламайды. Егер еуропалық тарап мұны көздесе, дайындала берсін деген мазмұнда пікір айтты.

Путин Батыс Ресейге стратегиялық жеңіліс жасауды көздегенімен, әзірге мақсатына жете алмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл мақсатқа 2030 жылға дейін қол жеткізуі де екіталай. Ал жағдай шектен шықса, жеңімпаз болмайтынын ескертті.

Ресей президенті елінде Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардан сабақ алғанын айтып, мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61