ӘЛЕМ
Алешкиде Ресей мен Украина омбудсмендері бастаған гуманитарлық миссия аясында бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды. Тараптар атысты тоқтату режимі 75 сағат бойы бұзылмағанын мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Яна Лантратова мен Украина омбудсмені Дмитрий Лубинец эвакуация алдында журналистерге бірлескен мәлімдеме жасады. Олар келісімге қол жеткізуге көмектескені үшін АҚШ пен елдің бірінші ханымы Мелания Трампқа алғыс айтты.
Лантратованың айтуынша, адамдарды тасымалдауға арналған колоннада 25 автобус бар, олардың жалпы сыйымдылығы — 750 орын. Эвакуацияға жедел жәрдем көліктері, төсек тартып жатқан адамдарға арналған автобустар және үй жануарларымен кететіндерге арналған жеке автобус та дайындалған.
Тұрғындарға гуманитарлық көмек тарату басталды. Оның ішінде азық-түлік, гигиена құралдары, генераторларға арналған жанармай және өзге де қажетті заттар бар. Лубинец мұндай гуманитарлық миссияларды басқа қалалар мен ауылдарда да ұйымдастыруға үміт білдірді.
Украина премьер-министрі Сергей Корецкий әуелде елге 527 адам қайтатынын хабарлағанымен, кейін нақты сан әлі белгісіз екенін айтты. Херсон облыстық әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин қазан айында Алешкиде қалған бейбіт тұрғындардың саны екі мыңға жуық екенін айтқан.
Алешкидегі уақытша атысты тоқтату режимі 27 қарашаға қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де басталған. Бұған дейін жолдарды минадан тазарту кезінде екі адам, соның ішінде бір сапер қаза тапқан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61