ДАМУ

Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүйі 12,38 млрд теңгеге сатылды

Қонақүй кешенін сатып алушы 12 384 291 448 теңге төлеуге келіскен. Бұл бастапқы бағадан шамамен 26 млрд теңгеге аз.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Алматының Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқан, аумағы 16 мың шаршы метрден асатын бұрынғы DoubleTree by Hilton кешені үшінші саудада сатылды. Нысанның бастапқы бағасы 38,28 млрд теңге болған.

Қонақүйді сатып алушыны қыркүйектен бері іздеген. 25 қыркүйек пен 13 қазанға жоспарланған алғашқы екі аукцион өтпей қалды. Үшінші аукционда бастапқы баға 38,28 млрд теңге болып белгіленіп, сауда бағаны төмендету арқылы өткізілді. Баға 8,93 млрд теңгеге дейін түсуі мүмкін еді.

Нысанды сатып алушы 12 384 291 448 теңге төлеуге келіскен. Бұл жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан шамамен 375 млн теңгеге төмен. Жаңа иесіне ғимарат беріледі, алайда жиһаз бен өзге де жылжымалы мүлік сатылымға кірмейді. Hilton бренді мен франшизасын пайдалану құқығы да берілмейді.

Аумағы 0,2581 гектар жер телімі қонақүйдің бағасына қосылмаған. Дегенмен сатып алушыға Қазақстан заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқығы өтеді. Сондай-ақ коммуналдық «Су желісі» кәсіпорнының пайдасына сервитут қарастырылған.

Бұрын Кайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 2023 жылғы тамызда сыйға тарту шартымен мемлекетке берілген. 2024 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кешенді Сатыбалдыұлының қайтарылған активтері тізіміне енгізді. Сол кезде оған қатысты қайтарылған мүліктің жалпы құны 732,8 млрд теңге деп бағаланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61