СПОРТ

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтті

Қазақстандық клуб топтық кезең аяқталмай тұрып, турнирдің келесі сатысына жолдама алды. Бұған топтағы қарсыластарының нәтижелері де әсер етті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

«Семей» топтық кезеңдегі «Барселонаға» қарсы ойында 1:6 есебімен жеңілгенімен, футзалдан Чемпиондар лигасының плей-оффына шығуды қамтамасыз етті. Бұған дейін қазақстандық команда словакиялық «Лученецті» 6:0 есебімен ұтқан.

«Лученец» швейцариялық «Минервадан» да жеңіліп, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды. Турнир ережесі бойынша төрт команда бар топтан үшеуі 1/8 финалға өтеді. Осылайша, топтық кезеңнің аяқталуына бір тур қалғанда «Семей» келесі кезеңге жолдама алды.

Плей-оффқа алматылық «Қайрат» та мерзімінен бұрын шықты. Румыниялық «Юнайтед Галац» қаржылық себептермен турнирге қатыса алмай, 0:5 есебімен үш техникалық жеңіліс алды.

Плей-офф жеребесі 4 қарашада өтеді. 1/8 финал ойындары 23 қараша мен 4 желтоқсанда жоспарланған. Өткен маусымда Қазақстанның екі клубы да ширек финалға дейін жетіп, «Картахена» мен «Этуальға» есе жіберген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61