ӘЛЕМ
Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новактың айтуынша, бүгін үш мұнай өңдеу зауыты мен бір газ-химия кешені шабуылға ұшыраған. Юрий Ушаков Украина АҚШ президенті Дональд Трамптың үндеуіне құлақ аспады деп мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзін журналист Павел Зарубин Telegram-арнасында жариялады. Ушаковтың айтуынша, Украина мұнай өңдеу зауыттарына соққы бермеу туралы Трамптың өтінішін елемеген.
«Иә, тағы да құлақ аспады, тіпті оны елемей отыр деуге болады. Трамп бұл мәселеде табанды болды және әлі де табандылық танытып келеді, бірақ оған құлақ асқан жоқ», — деді Ушаков. Ол Киевтің мұндай батылдық танытуын Еуропаның Украинаға қолдау көрсетуін жалғастырып отырғанымен байланыстырды.
Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак та мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл қайта басталғанын айтты. Оның мәліметінше, бүгін үш мұнай өңдеу зауыты мен бір газ-химия кешені шабуылға ұшыраған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61