ҚОҒАМ
Соғалы ауылында тұратын Бауыржан Қайсиев 13 және 11 жастағы қыздарын жалғыз тәрбиелеп отыр. Ол балаларды алып қоя ма деп алаңдайды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қайсиев пен қыздары әйелі отбасынан кеткеннен кейін ескі саман үйде тұрып жатыр. Ер адамның айтуынша, зейнетақысы бірнеше ай қатарынан азайған: алдымен 70 мың теңге алса, кейін екі айға 140 мың, одан соң 60 мың, 50 мың теңге, ал соңғы рет 36 мың теңге түскен. Күнкөріс үшін қосымша жұмыс істеп жүргенін айтқан әке кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция өкілдері қыздарын алып қоямыз деп қорқытатынын жеткізді.
Аудандық шенеуніктер Қайсиевтің зейнетақысы төмен екенін соңғы жылдары ресми жұмыс істемегенімен түсіндірді. Қазір оған еңбек өтілін растауға көмектесіп жатыр. Қайсиевтер екі жыл бұрын ресми түрде ажырасқан, ал сот балалардың анасымен тұруы керек деп шешкен. Әкесі бұл шешімді қайта қаратуға күш салып жатыр.
Қобда ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Күлбергеновтің мәліметінше, отбасы тұрақты қолдау алады. Оқу жылы басталарда әр балаға 50 мың теңгеден беріледі. 2025 жылы қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау аясында отбасыға 100 АЕК, яғни 393 мың теңге көлемінде көмек көрсетілген. Қыздардың кіммен қалатыны уәкілетті органдар мен соттың шешіміне байланысты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61