ӘЛЕМ
Ресейдің ұшқышсыз ұшағы теміржол вокзалына және перронда тұрған электрпойызға соққы жасаған. Тағы кемінде 14 адам жараланды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Ганжа 14 адамның жараланғанын хабарлаған. Олардың 13-і ауруханаға түсті, алтауының жағдайы ауыр. Жараланғандардың арасында 11 жастағы бала бар. 40 жастағы ер адамның екі аяғы кесілген.
Жұма күні таңертең тағы бір жаралы адамның көз жұмғаны белгілі болды. Украина ұлттық полициясының мәліметінше, шабуыл 29 қазанда шамамен сағат 11-де болған. «Укрзалізниця» компаниясы соққы №866 Днепр — Запорожье пойызы тұрған перронға тигенін айтты. Компания өкілінің сөзінше, эвакуация жарияланғаннан кейін 13 минут өткенде шабуыл жасалған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61