ӘЛЕМ

Иран Ормуз бұғазында супертанкер минаға жарылғанын мәлімдеді

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, кемеде екі миллион баррельден астам мұнай болған. Бұл — бұғаздағы рұқсат етілмеген бағытпен жүрген танкерлерге қатысты сол күнгі үшінші оқиға.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазында минаға жарылған супертанкер билік рұқсат етпеген бағытпен жүргенін хабарлады. Корпустың баспасөз қызметі кемеде екі миллион баррельден астам мұнай болғанын мәлімдеді.

Иран әскери күштерінің айтуынша, сол күні осы бағытпен жүрген тағы екі мұнай танкерінде де оқыс жағдай болып, олар бұғаздың оңтүстік суларында тоқтатылған. Әскерилердің мәлімдеуінше, кемелер радиолокациялық және навигациялық жүйелерін өшіріп, ескертулерге құлақ аспаған әрі АҚШ қолдауына сүйенген.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Ормуз бұғазындағы негізгі кеме қатынасы бағыттары миналардан тазартылғанын айтқан. Иран бұл мәлімдемеге дәлел көрсетуді талап етті. Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс салдарынан бұғаз арқылы кеме қатынасы дерлік тоқтап, елдердің көбінде жанармай бағасы өсті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61