ҚОҒАМ
Шымкентте 45 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу дерегінше, ол азаматтардан тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша жинаған топпен бірге әрекет еткен.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Күдікті халықаралық іздеуде болған. Елорда полициясы оны Шымкентте ұстады, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Тергеу мәліметінше, ер адам бір топ адаммен бірге алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Астанадағы көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға азаматтардың ақшасын тартқан. Құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмай, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынбаған.
Қылмыстық іс бойынша 292 жәбірленуші анықталды. Келтірілген шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады. Күдікті Шымкентте ұзақ уақыт бойы жалдамалы пәтерлерін ауыстырып, жасырынған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61