ӘЛЕМ
Францияның терроризмге қарсы прокуроры Оливье Кристен 23 қазандағы шабуылдан бір адам қаза тауып, жеті адам жараланғанын айтты. 39 жастағы күдікті нысанаға адамдарды олардың сыртқы келбетіне қарап алғанын мойындаған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Күдікті Париж маңындағы Трапп қаласын «исламшылдардың ұясы» деп санағандықтан таңдағанын айтқан. Прокурор қылмыстық әрекетке мұқият дайындық жүргізілгенін атап өтті.
Тергеу кезінде ер адам шабуылды алдын ала жоспарлағанын және қарудан кезекпен оқ атқанын жеткізген. Қыркүйекте ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Sten үлгісіндегі тапанша-пулеметінің тиімділігін арттыратын бірнеше құрылғы, полицияның жеңіне тағатын таңбасы мен кісен сатып алған.
Қаза тапқан Пенго Боссио Ванги 26 жаста болған, ол Конго Демократиялық Республикасынан шыққан. Жараланғандардың арасында 11 жастағы қыз бар, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда үш адам әлі ауруханада, біреуінің өміріне әлі де қауіп төніп тұр.
Күдіктінің үйін тінту кезінде қаруға арналған оқжатарлар, екі кастет, болат сүңгі-пышақ, дыбыс бәсеңдеткіш, Құран, Інжіл және Адольф Гитлердің «Mein Kampf» кітабы табылған. Сондай-ақ ұлтшыл ұрандар жазылған жапсырмалар болған.
Ер адам лаңкестік әрекет жасауды көздегенін жоққа шығарып, ісін «заңды» деп санайтынын айтқан. Ол балаларды өлтіргісі келмегенін, 11 жастағы қыздың бойына қарап қателесуі мүмкін екенін мәлімдегенімен, «еш өкінбейтінін» жеткізген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61