САЯСАТ

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың соңына дейін қабылдау жоспарланған

Құрылтайда цифрлық экономика жағдайында азаматтық заңнаманы жаңарту мәселесі талқыланды. Президент депутаттарға Үкіметпен бірлесіп жаңа кодексті әзірлеуге кірісуді және оны келесі жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіндегі дөңгелек үстелде жаңа Азаматтық кодекстің жобасын әзірлеу мәселесі қаралды. Жиынға Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров қатысты.

Комитет төрағасы Үнзила Шапақтың айтуынша, қолданыстағы кодекске қабылданғаннан бері 150-ден астам өзгеріс пен толықтыру енгізілген. Оның сөзінше, заманауи шарттық институттар, цифрлық активтер мен смарт-келісімшарттарды реттейтін нормалардың жоқтығы инвестициялық тартымдылыққа және IT-сектордың дамуына әсер етеді.

Нұрлан Бекназаров 1995 жылы қолданысқа енгізілген кодексті уақыт талабына сай жетілдіру қажет екенін айтты. Электрондық мәмілелер, платформалық экономика, жасанды интеллект және деректер айналымы азаматтық құқыққа жаңа талаптар қойып отыр. Жаңа реттеу инновация мен кәсіпкерлікті қолдап, азаматтық айналымның сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов жаңа кодекстің қолданыстағы заңдармен үйлесуін және бірыңғай терминологияны қалыптастыруды ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары кодекс жобасын әзірлеу кезінде ескерілмек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61