ҚОҒАМ

Павлодарлық кәсіпкерге 100 млн теңгеден астам аударым бойынша айып тағылды

Павлодар облысының тұрғыны қызметкерлерінің банк карталарын пайдаланып, 2024-2025 жылдары 100 млн теңгеден астам қаржы аударды деп айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Экономикалық тергеу департаментінің Павлодар облысы бойынша мәліметінше, кәсіпкер киім сататын бірнеше бутикті басқарған. Ол қызметкерлерінің карталарын «бизнесті дамытуға» және касса арқылы көп соманы өткізіп үлгермейтінін айтып, қажет деп түсіндіріп алған.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел бұл карталар арқылы интернет-алаяқтықтан және өзге де қылмыстардан түскен болуы мүмкін ақшаны аударған. Қызметкерлер аударымдар туралы білмеген.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Галиаскар Касымовтың айтуынша, аударымдар 2024-2025 жылдары жасалған. Тергеу аяқталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61