ҚОҒАМ

Семейдегі сот маңында қаза тапқан ер адамның ісіне қатысты деректер жарияланды

30 қазанда облыстық сот ғимаратының жанында көз жұмған шетелдік азамат бес самосвалға қатысты қылмыстық істің жәбірленушісі болған. Ол 19,9 млн теңге өтемақы талап еткен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Оқиға сағат 17:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам сот ғимаратының маңында өзін өртеген болуы мүмкін. Полиция оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, дау 2020 жылы басталған. Қаза тапқан азаматтың компаниясы лизинг ұйымымен бес самосвалды сатып алу жөнінде келісімшарт жасасқанымен, техниканың ақысын толық төлемеген.

Төрт жылдан кейін лизинг компаниясының өкілі сот шешімінсіз төрт самосвал мен қосалқы бөлшектерді әкетуді ұйымдастырған. Осы әрекеті үшін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, бірақ қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты жауаптылықтан босатылды. Сатып алу-сату шарттары төлем толық жасалмағандықтан бұзылып, техника заңды иесі — лизинг компаниясына берілді.

Қаза тапқан азамат жоғалды деген мүлік пен бесінші самосвалды қалпына келтіруге кеткен шығын үшін 19,9 млн теңге өндіріп алуды сұраған. Талапқа құрал-сайман, қосалқы бөлшек пен жөндеу жұмыстарының құны кірген. Алайда сот мүліктің кімге тиесілі екенін және шығын көлемін дәлелдейтін дерек жеткіліксіз деп, азаматтық талапты қараусыз қалдырды. Оған залалды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен өндіріп алу үшін қайта жүгінуге болатыны түсіндірілген. Ер адамның әрекетіне не себеп болғаны әзірге анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61