ДЕНСАУЛЫҚ

Алматыда балалар вакцинациясы нөлге түсті деген ақпаратты басқарма қате деп атады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нөлдік көрсеткіштер қаладағы жалпы жағдайды емес, жекелеген жеке медициналық ұйымдарды ғана қамтитынын мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Басқарманың мәліметінше, вакцинациямен қамту төмен болған 12 жеке медициналық ұйым анықталған. Жеке клиникалар дербес кәсіпкерлік субъектілері саналады және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарттар аясында жұмыс істейді.

Ведомство жеке клиникалардың қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізуге және оларға әкімшілік шара қолдануға өкілетті емес екенін түсіндірді. Бұл міндеттер уәкілетті бақылаушы органдардың құзыретіне жатады.

Ал мемлекеттік медициналық ұйымдардағы вакцинация көрсеткіштері тұрақты талданып, бақылауда болады. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша балаларды қызылшаға қарсы вакцинациямен қамту 69,3 пайыз болған. Жоспарлы көрсеткіш — 71,9 пайыз.

Басқарма жоспардан аздап қалып қоюға негізінен медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың, соның ішінде діни сенімдеріне байланысты, бас тартуы себеп болғанын хабарлады. Ведомство қамту деңгейін көтеру жұмысы жалғасып жатқанын және жоспарлы көрсеткіштер 2026 жылдың соңына дейін орындалатынын айтты.

Алдыңғы күні Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысқан алқа отырысында қалада қызылша жұқтырғандар көбейгені, ал 16 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық екпемен қамтудың нысаналы көрсеткіштері орындалмағаны айтылған. Кейбір медициналық ұйымдарда вакцинаның жекелеген түрлері бойынша нөлдік көрсеткіш тіркелген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61