ӘЛЕМ
Жанармай бағасының өсуіне қарсы наразылықтан кейін билік бағаны көтеру туралы шешімін қайтарып алды. Елде азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің құны да қымбаттаған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сирияда Башар Асад билігі құлағаннан кейін көптеген тұрғынның тұрмысы нашарлаған. Үкімет үнемдеу саясаты аясында бұрыннан беріліп келген субсидияларды қысқартқан соң, елдегі негізгі тағам саналатын нанның бағасы он есе өскен. Жанармай қымбаттап, жүк тасымалы мен электр энергиясының тарифтері де артқан.
Дамаск маңында тұратын 50 жастағы Фатима Салех Эйд отбасының ет пен тауық етін сатып алуға шамасы келмейтінін айтты. Ал төрт баласы бар бір әйел отбасы толыққанды түскі асты екі күнде бір рет қана іше алатынын жеткізген. БҰҰ Даму бағдарламасының дерегінше, 2025 жылы сириялықтардың 90 пайызы кедейлікте өмір сүрген.
68 жастағы зейнеткер Марван Башур айына шамамен 90 доллар табатынын, күнкөріс үшін кейде үйіндегі заттарды сатуға немесе қарыз алуға мәжбүр екенін айтты. 63 жастағы Набиль аль-Ремхейннің сөзінше, отбасы күніне бір-ақ рет тамақтанады. Электр ақысын азайту үшін олар үйдегі жарықты сирек жағып, тоңазытқышты күніне шамамен бес сағатқа өшіреді.
Қыркүйекте жанармай бағасының өсуіне қарсы Сирия қалаларында наразылықтар өтті. Бірнеше күннен кейін үкімет бағаны көтеру туралы шешімін кері қайтарды. Chatham House талдау орталығының шақырылған сарапшысы, сириялық публицист Хаид Хаид дағдарыстың бір себебі бұрынғы биліктен қалған мәселелер мен ресурстардың тапшылығы болса, екінші себебі жаңа үкіметтің еркін нарыққа көшу саясаты екенін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61