ҚОҒАМ

Алматыда 2027 жылдан көмір жағуға шектеу қойылады: айыппұл мөлшері

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қаланың шығарындылары төмен аймағындағы газ тартылған аудандарда үйлер мен моншаларды көмір және басқа қатты не сұйық отынмен жылытуға болмайды. Жеке аулада кәуап пісіруге тікелей тыйым жоқ, бірақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Шектеу әзірге Богенбай батыр көшесінен оңтүстікке, Абай даңғылынан солтүстікке, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан аумаққа қатысты. Қала экология басқармасының мәліметінше, талап шығарындылары төмен аймақтың газ тартылған бөлігінде қолданылады.

Қағида жеке тұрғын үйлер мен моншаларды жылытуға, сондай-ақ кәсіпкерлік мақсатта қатты және сұйық отын пайдалануға тыйым салады. Ал жеке аулада кәуап пісіруге тікелей тыйым қарастырылмаған. Дегенмен мангалды өрт қауіпсіздігі талаптарына сай пайдалану керек. Ұзақ уақыт бойы құрғақ, ыстық әрі желді ауа райы кезінде от жағуға және көмір тұтатуға болмайды.

Қағиданы бұзған жеке тұлғаға ескерту жасалуы немесе 10 АЕК (2027 жылы 46 930 теңге) айыппұл салынуы мүмкін. Шағын бизнес пен лауазымды тұлғаларға — 15 АЕК (70 395 теңге), орта бизнеске — 20 АЕК (93 860 теңге), ірі бизнеске — 100 АЕК (469 300 теңге) айыппұл көзделген.

Адвокат Абзал Қасымжанов газға қосылу мүмкін болмаса, тұрғындарға газ тарату ұйымынан нақты үйге қатысты техникалық шарт немесе дәлелді бас тарту алып, әкімдік пен экология департаментіне жазбаша жүгінуді ұсынды. Қаржылық қиындықтың өзі тыйымды бұзуға негіз болмайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61