ӘЛЕМ

Еуропаның бірнеше елінде жаппай наразылықтар өтіп, жүздеген адам ұсталды

Франция, Германия, Италия мен Португалияда қымбатшылық пен тұрғын үй мәселесіне қарсы шерулер өтті. Кейбір қалаларда полициямен қақтығыс болып, Польшада Конституциялық трибунал маңына демонстранттар жиналды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Францияда 31 қазанда қатарынан үшінші сенбіде жалпыхалықтық наразылық акциялары өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, көшеге 320 мың адам шыққан, оның 70 мыңы Парижде болды. Ұйымдастырушылар қатысушылар санын 500 мыңға жуық деп бағалады. Ел бойынша 565 адам ұсталды. Парижде бес құқық қорғау қызметкері жарақат алды.

Германияда «Gen Z regelt» бастамасы 34 қалада шеру өткізді. Берлинде полиция шамамен 5 мың адамды, ал ұйымдастырушылар 11 мың адамды санаған. Франкфуртта 8 мыңға жуық демонстрант болды. Бірқатар қалада тәртіпсіздік тіркеліп, полиция суатқыш қолданды.

Италияда 30 қазанда 60-тан астам қалада акциялар өтіп, 24 сағаттық жалпы ереуіл ұйымдастырылды. Ішкі істер министрлігі шерушілер санын 255 мың деп көрсетсе, USB кәсіподағы 1–1,5 миллион адам қатысты деп хабарлады. Рим, Турин және Виченцада қақтығыстар болды.

Лиссабонда шерушілер жалға берілетін баспанаға қатысты заң жобасын кері қайтаруды талап етті. 31 қазандағы шеруден кейін Россиу алаңына 50-ден астам шатыр тігілді. 1 қарашада полиция лагерьді таратып, шатырларды қорғаған адамдарды қалқандар мен шоқпар қолдана отырып ығыстырды. Портуда да шағын лагерь бұзылды.

Варшавада Конституциялық трибунал басшылығына қатысты дау аясында наразылық өтті. Судья Анна Корвин-Пиотровская төраға Богдан Свенчковский мен оның орынбасары Бартломей Соханьский қызметтен шеттетілгенін жариялап, орган жұмысын өзі басқаратынын айтты. Соханьский мұны заңсыз деп атап, «төңкеріс болып жатыр» деді. Бірнеше демонстрант ұсталды, президент Кароль Навроцкий Сенегалға сапарын үзіп, елге оралды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61