СПОРТ
Қазақстандық балуан 1 қарашада Астанада өтетін әлем чемпионатының шешуші айқасында ресейлік Иналбек Шериевпен кездеседі. Белдесу 74 келіге дейінгі салмақта өтеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Финалдық белдесу Қазақстан уақытымен сағат 18:59-да басталады. Оны Qazsport телеарнасынан және арнаның сайтынан тікелей эфирде көруге болады.
Қайпанов финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Ол косоволық Эгзон Джониді 10:0, әзербайжандық Туран Байрамовты 4:0, тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0, жапониялық Ёсиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.
Балуан 2024 жылы әлем чемпионы атанып, 2019 жылы күміс, 2025 жылы қола жүлде алған. Азия чемпионатында 2019, 2021 және 2025 жылдары топ жарған.
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазанда басталып, 1 қарашада аяқталады. Қазақстан құрамасының қоржынында грек-рим күресінен үш, әйелдер күресінен бір қола медаль бар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61