ҚОҒАМ
Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде науқас баланың әкесі дәрігердің мойнынан ұстап, оған күш көрсеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, балалар хирургі баланы қарап, әкесіне тексеру нәтижесін түсіндірген. Дәрігер баланы ауруханаға жатқызуға негіз жоқ екенін айтқаннан кейін ер адам үстелді теуіп, дәрігерге тап берген. Куәгерлер оны медицина қызметкерінен әрең ажыратқан.
Оқиға орнына полиция шақырылды. Дәрігер келесі күні жұмысқа шығып, кезекшілікке кіріскен. Өңірлік полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қандай бап бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланбады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61