ҚОҒАМ
Күдіктілер жәбірленушіден қыркүйектен бері ақша талап етіп, күш қолданатынын айтып қорқытқан. Олар 4,4 млн теңгені алып жатқан кезде ұсталды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ұстау операциясы 28 қазанда өтті. Оған ІІМ-нің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшелері мен Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, «Арлан» арнайы жасағы қолдау көрсетті.
Ұсталғандардан 4,4 млн теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді. Тергеу болжамы бойынша, бұған дейін сотталған екі ер адамның әрекеті алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бопсалау ретінде сараланған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу жалғасып жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61