СПОРТ

Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды

Қазақстандық теннисші жаңартылған жекелей сындағы рейтингте көш бастап тұр. Юлия Путинцева үш сатыға жоғарылап, 64-орынға шықты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

WTA рейтингінің үздік үштігіне Елена Рыбакина, Арина Соболенко және Мирра Андреева енді. Беларусь өкілі екінші, Ресей теннисшісі үшінші орында.

Өткен аптада Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы WTA 500 турнирінің ширек финалында ойнаудан бас тартты. Оған дейін ол 1/8 финалда Юлия Путинцеваны жеңген еді.

Америкалық Кори Гауфф төртінші орынға көтеріліп, Джессика Пегула бесінші сатыға түсті. Ига Швёнтек тоғызыншы орынға сырғыды, ал оның бұрынғы сегізінші орнын чехиялық Линда Носкова иеленді. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева үш сатыға көтеріліп, 64-орынға жайғасты.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61