Саясат
Франция президенті нені меңзеп отыр?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФранция президенті Эммануэль Макрон Еуроодаққа байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Оның жасаған мәлімдемесі дау да туғызды.
Президент АҚШ-тан тәуелсіз әскери одақ құруды және ол одақ Еуропаны Қытайдан, Ресейден тіпті Американың өзінен қорғау керек деген шешімге келді.
«Біз нағыз еуропалық әскери одақты құрмайынша, еуропа жұртын қауіптен сақтай алмаймыз. Бізде АҚШ-тың қатысуынсыз Еуропаның қорғай алатын күш болуы керек. Бізге қорғаун керек! Қытайдан, Ресейден, тіпті АҚШ-тан»,-деп ойын ашық жеткіген Франция президенті әлемді өзіне қаратты деуге болады.
Франция лидері Еуропадағы өте білікті және саяси жүйенің қыр-сырын жетік меңгергендердің бірі. Ағылшындардың «The Wall Street Journal» басылымының жазуынша, Макрон еуропаға қауіп төндіретін елдердің қатарына Ресейден бөлек АҚШ-ты да қосты. Бұл дегеніміз біз ойлағаннан да салмақты мәселе дейді.
Эммануэль Макронның қалап отырғаны Еуроодақ әскеріне құйылатын қордың Вашингтон қалатасына түспеуі және АҚШ-тың айтқанына көне беруден бас тарту.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61