Bugin

Жастарға мүмкіндік беру – ел болашағын нығайту

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауында білім мен ғылымды дамыту, озық технологияларды меңгеру және жасанды интеллектіні тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы елге білікті ғалымдар, инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер қажет екенін атап өтті.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Aqorda

Бұл бағыттағы бастамалар жастардың сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандықтарды игеруіне жол ашады. Әсіресе, оқу орындары мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің теориялық біліммен қатар тәжірибе жинақтауына жағдай жасау маңызды.

Ауыл жастарына да тең мүмкіндік берілуі қажет. Ол үшін өңірлерде цифрлық сауаттылықты арттыратын курстарды, кәсіби бағдар беру бағдарламаларын және тәлімгерлік жобаларды дамыту өзекті. Сонымен қатар аграрлық салаға қызығатын жастарды заманауи технологиялармен жұмыс істеуге, кәсіпкерлікке және жаңа өндіріс тәсілдерін меңгеруге баулу маңызды.

Жолдауда білім беру, спорт және мәдениет нысандарын салу мен әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері де қамтылды. Мұндай жобалар жастардың жан-жақты дамуына, қабілетін шыңдауына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Дегенмен жаңа нысандар салумен шектелмей, олардың жұмыс сапасына да мән беру керек. Спорт кешендерінде тұрақты үйірмелер, мәдениет үйлерінде шығармашылық орталар, ал білім беру ұйымдарында жастардың ізденісіне қолдау көрсететін бағдарламалар болуы қажет.

Жас ұрпақтың бойында адалдық, еңбекқорлық, заңға құрмет және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру да маңызды. Өйткені елдің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, азаматтардың саналы іс-әрекетімен де өлшенеді.

Жастардың тың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету – болашаққа салынған инвестиция. Оларға сапалы білім, кәсіби өсу және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері берілсе, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесі де арта түспек.

Бүгінгі жасқа жасалған жағдай мен берілген мүмкіндік – ертеңгі Қазақстанның білікті мамандары мен қуатты қоғамын қалыптастырудың негізі.

Автор:Талғат Керуенов, "Ауыл" партиясының Алматы қаласы бойынша аппарат басшысы

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61