ҚОҒАМ

Алматыдағы тұрғын үй кешенінен мефедрон зертханасы табылды

Алматыда 34 жастағы ер адам пәтерінде мефедрон өндірді деген күдікке ілінді. Тінту кезінде тәртіп сақшылары 4,5 келі есірткі мен зертхана жабдықтарын тәркіледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Полицияның мәліметінше, ер адам тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатындағы пәтерде есірткі өндірген. Ол өткір иістің көршілерге сезілмеуі үшін сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына жалғаған.

Пәтерді тінту кезінде бір келі дайын өнім, кристалдары бар алты шыны табақ, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реагенттері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразы және жеке қорғаныс құралдары табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 келі болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті өндірісін көршілерден жасыру үшін әдейі жоғарғы қабаттағы пәтерді таңдаған. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның мәліметінше, күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61